08.03.2025, 13:30

«Гауһар тасты меруерт»: Орден алған Қарақат Әбілдина құттықтау қабылдап жатыр

Фото: Pixabay

Құттықтаушылардың арасында асаба Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова да болды.

Қарақат Әбілдина бүгін «Парасат» орденін алып, мерекені отбасымен және жақын достарымен бірге үйінде атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құттықтаушылардың арасында асаба Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова да болды. Ол өнердегі әпкесіне гауһар тастармен безендірілген меруерт алқа тарту етті.

«Қарақат Түлкібайқызына Мөлдір Түлкібайқызы атынан марапат – меруерт», – деп сыйын табыстады.