$ 494.84  537.4  5.58

«Димаш біраз жасқа келді»: Светлана Айтбаева әулетінде той болатынын меңзеді

Светлана Айтбаеваның айтуынша, Димаш Астанада ата-анасымен бірге тұрады, алайда ұлы көбіне шетелде жүреді екен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Отандық тележүргізуші Динара Сәтжан "100 сұхбат" жобасында әнші Светлана Айтбаевамен сұхбатты назарға ұсынды. Светлана Айтбаева сұхбат барысында ұлы Димаш Құдайбергенге қатысты ағынан жарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Светлана Айтбаеваның айтуынша, Димаш Астанада ата-анасымен бірге тұрады, алайда ұлы көбіне шетелде жүреді екен. Осы орайда Динара Сәтжан Светлана Айтбаевадан "жақында олардың отбасында той болатынын естігенін, бұл қаншалықты рас екенін" сұрады.

"Әумин, Динара. Бұйырса, иә. Кез келген ата-ана армандайды ғой. Балаларымыз өсті, Димаш та біраз жасқа келді, оң-солын таныды, Раушан да биыл оқуын бітіреді, бұйырса. Дипломын алып, дәрігерлік жолын таңдайын деп жатыр. Мансұрдың өзі 18-ден асты. Сондықтан той болатын шығар деп күтіп жүрміз", - деді Айтбаева.

Дианараның той биыл бола ма деген сұрағына Айтбаева "биыл болса, биыл, әумин, айтқаның келсін", деп қысқа қайырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 56
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары