Желі қолданушылары әншінің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.
Жақында белгілі әнші Төреғали Төреәлінің бірнеше қалада жоспарланған концерті өтпей қалған еді. Оған себеп әншінің денсаулығы сыр бергені. Бүгін өз-өзіне келген Төреғали жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар!, - дейді әнші.
Бұған дейін Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қаласында жоспарланған концертіне сатылған билеттер түгел қайтарылатын болған.
Желі қолданушылары әншінің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.