$ 494.84  537.4  5.58

«Мен үшін маңызды»: Алмас Кішкенбаев көпшілікке үндеу жасады

Әлеуметтік желі қолданушылары Кішкенбаевтың қайта оралғанына қуанып, оның жаңа хиті қашан шығатынын сұрады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Жақында оқушыға тиіскені үшін сотталып, қамаудан босатылған әнші Алмас Кішкенбаев 8 наурыз мерекесі қарсаңында Instagram парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол желіге жаңа ән жазу процесінен видео жүктеп, қыздарды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Қымбатты қыздар, мерекелеріңізбен! Мен үшін ең маңыздысы – сіздің сезімдеріңіз», – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары Кішкенбаевтың қайта оралғанына қуанып, оның жаңа хиті қашан шығатынын сұрады. Сондай-ақ, әншіні қайтадан көпшілік алдына шығуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 64
Ұнамайды 14
Күлкілі 6
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары