$ 494.84  537.4  5.58

«Қазақы қылып шығарғымыз келеді»: Әнші Тамара Асар зауыт ашқалы жатыр

Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар.

Фото: Instagram.com / tamara_assar_official
Фото: Instagram.com / tamara_assar_official

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар «Таңшолпанға» берген сұхбатында самаурынды тілге тиек етіп, жаңа кәсіп бастағалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақы стильде самаурын шығаруды армандайтын едім. Менің жолдасым өндірістің адамы, темір-терсектің айналысында жүр. Бір күні маған өзінің зауытынан самаурын шығару туралы идеясын айтты. Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады. Қазақы қылып шығарғымыз келеді. Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар. Қазақ психологқа бармаған. Олар дастархан басында шай ішіп отырып, терапия жасаған. Ренжіскен адаммен қант қосып, шай ішкен соң, қуаныш гормондары бөлініп, оны кешірген. Қазақ ғылыми атауын білмесе де, барлық дүниеден хабардар болған", - дейді әнші Тамара Асар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 61
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары