$ 488.53  531.91  5.68

«Бұл жабайылық»: Баян Алагөзова ешқашан сәлем салып, бас имейтінін айтты (ВИДЕО)

Алагөзова өзінің еркін мінезі қайдан қалыптасқанын да жасырмайды.

Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қазақ қоғамындағы әйелдердің рөліне қатысты пікір білдіріп, кейбір дәстүрлердің өзіне мүлде жат екенін ашық айтты. Оның айтуынша, батыс өңірінде өскен қыздар еркіндікті жастайынан бойына сіңіріп өседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Бізге ешқашан ер адамға иілу керек деп айтқан жоқ», – дейді ол. – «Мен мұндайды ешқашан көрмедім. Алматыға келгенде шымкенттік қыздардың үлкендерге иіліп тұрғанын көріп, таңғалдым. «Не үшін иіліп жатырсың?» деп сұрадым. Олар «Бұл – құрмет» деді. Бірақ мен өз әкемді де, атамды да ерекше құрметтедім. Менде ондай табынушылық жоқ. Маған мұны ешкім үйретпеді, үйретпейтін де шығар».

Алагөзова өзінің еркін мінезі қайдан қалыптасқанын да жасырмайды.

«Менің әжем маған: «Біз атқа мінген халықпыз», – деп айтатын. Біз әрдайым еркін болдық. Мен осы тәрбиемен өстім», – дейді ол.

Ол тіпті Кеңес Одағының батыр әйелдері туралы да сөз қозғап, «Барлық батыр әйелдер Ақтөбе мен Оралдан шыққан. Жамбыл мен Шымкенттен бірде-бір батыр жоқ», – деп атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 10
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары