Желі қолданушылары әншінің бұл ескертуіне қатысты түрлі пікір білдірді.
Әнші Мақпал Жүнісованың той үстінде қызына айтқан ақылы жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода әнші мен қызының тойда ән айтып, би билеп жүргенін, сонда Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге киіміне қатысты ескерту жасағанын байқауға болады.
Желі қолданушылары әншінің бұл ескертуіне қатысты түрлі пікір білдірді.
«Қызыңыз қандай тәрбиелі, көз-қиығыңыздан ақ түсініп, кеудесін түймелеп жатыр», «Айтқызбай-ақ түсінген ақылынан», «Мақпалдың қызы да өзі сияқты сондай сүйкімді, сондай инабатты бойжеткен болып өсіпті», «Мақпал апай керемет жансыз, қызыңыз да инабатты әдепті қыз», - деп жазды желі қолданушылары.