Мейрамбек, Мақсат, Кенжебек, мені 50-ге келді деп қартайта бермеңдер.
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жеке кешінде аты аңызға айналған "МузАРТ" тобы бұрынғы құраммен өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"МузАРТ" тобы «Таң сыры» әнін Мақсат Базарбаевпен бірге квартет болып орындады.
"Тарихи сәт. Мейрамбек, Мақсат, Кенжебек, мені 50-ге келді деп қартайта бермеңдер", - деп Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Көпшілік топтың осы құрамы ұнайтынын айтып, жылы лебіздерін жаудырды.