Халықтың осыншалықты махаббатына бөлену – инемен құдық қазғандай.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Арт-менеджер ұлын қазіргі деңгейге қалай жеткізгенін айтып берді.
“Жан балам. Өзі от. Орал қаласындағы ән кешінен видео келді. Халықтың осыншалықты махаббатына бөлену – инемен құдық қазғандай. Қара тер еңбекпен келді. 8 жасынан бастап, қолынан ұстап ешкімді тыңдамай сүйрелеп едім. Әрбір қиындығы мен қызығында түгел басы қасында болдым. Сахна сыртындағы дайындығына туған анасы әрі продюсері, мән беріп қарайтын мен болдым. Ал көрермен әрі жанкүйер, тыңдаушылары, мінекей, бағалайтын, сағынатын, түсінетін жандар жоқ емес екен. Аллаға сансыз шүкірлер!" – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.