$ 496.41  542.77  6.05

«Қайрат Нұртастың қатыны ұқсап жүрмей ме»: Әзілкеш Нұржан Төлендиев әйелін көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)

Өнерді бітірген. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі әзілкеш, актер, "Алдараспан" театрының негізін қалаушы Нұржан Төлендиев жұбайын үлкен сахнаға шығарып, көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq-Ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Актердың жары Ақнұр Тоқбілеева сахнада өнер көрсеткен халық әртісі Мақпал Жүнісоваға сый-сыяпат табыстады. Келіншек өнер иесіне ілтипат білдіріп, сәлем салып, иығына шапан жапты. Кейін гауһартасы бар жүзік сыйлады. 

«Бриллианттатып жатырсың ғой. Шашылмайтын едің, бүгін шашылыпсың ғой. Тойларыңа тегін келемін ғой онда», – деді әнші.

Сол сәтті пайдаланып, әртіс өзінің жарын да мерекесімен құттықтап, гүл шоғын ұсынды. Әйелінің өнер адамы екенін айтып, алда сахнада шығып қалуы да мүмкін екенін жасырмады.

«Бұл кісі де Райымбек Сейтметов шәкірті болған. Өнерді бітірген. Драма мен эстрада бойынша білім алған адам. Енді балаларды ер-жеткізіп алсын, сосын Қайрат Нұртастың қатыны ұқсап жүрмей ме?! Несі жаман?!» – деді әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары