$ 496.41  542.77  6.05

«Жанға батады»: Айдар Тұрғамбек балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерінің туысы болып шықты

Абдужаппар нағашымды менен артық көп адам білмейтін шығар.

Фото: instagram.com/aidar_turgambek
Фото: instagram.com/aidar_turgambek

Танымал әнші Айдар Тұрғамбек мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында экс-президент Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

“Қазір адамдардың үлкен қателігі, білмей жатып, тексермей жатып, танымай жатып өсекке араласып кететіні жанға батады. Кешегі қоғамда болып жатқан видеоға менің де кішігірім жауабым болсын. Абдужаппар нағашымды менен артық көп адам білмейтін шығар. Өйткені әрі нағашым, әрі ұстазым, кішкентай кезден қолында өстім. Тек Қазақстанға емес, тіпті Орта Азияға жасаған еңбегі орасан зор. Бүкіл ғұмырын Алла жолына арнаған. Қайтсем де қазақтың балаларын оқытсам, көзін ашсам, Алласы мен пайғамбарын танытсам деп келе жатқанына 30 жылдан асты. Бұл жасаған жақсылығының бір шеті ғана. Мен үшін Қазақстанда бүкіл өмірінен үлгі алатын жалғыз адам осы кісі. Көп нәрсе жазғым келіп отыр”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, ҚМДБ Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне ескерту берді. 

Бұған дейін, аталған медресе бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы алғаны анықталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 58
Күлкілі 10
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары