$ 502.83  545.37  5.95

«Бірнеше несие болса да, ипотекаға үй алдым»: Роза Әлқожа қуанышын бөлісті

Желі қолданушылары оны жаңа қонысымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Фото: instagram.com/roza_alqozha
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа ипотекаға жаңа пәтер алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін менің қуанышымда шек жоқ, өйткені ипотекаға үй алып жатырмын. Егер сіздер де мен сияқты басымда бірнеше несие бар деп уайымдасаңыздар ипотекаға үй алуға мүмкіндік барын біліңіздер. Біздегі мәселе — бірнәрсені қолдан қиындату, уақытылы бармау, ізденбеу. Бүгінгі қуанышым енді ерекше! Аллаға шүкір, сіздерге де жұғысты болсын!» – деді әртіс.

Желі қолданушылары оны жаңа қонысымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Құтты болсын», «Шаңырағың берекелі болсын», «Құтты шаңырақ болсын», – деп жазады пікір білдірушілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 5
Күлкілі 6
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары