$ 503.42  542.08  6

«Қазақи қартайғаны жақсы еді». Ақбота Керімбекова Нұрғали Нүсіпжановты құттықтады (ВИДЕО)

«Жеңгеміз жас болғандықтан, қасын бәрін жасатқан ғой».

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Ақбота Керімбекова сексеннің сеңгіріне шыққан Нұрғали Нүсіпжановты құттықтап, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мерекеңіз құтты болсын! Көкеміздің сахнада жүргеніне 70 жыл! Мерейтойды бүкіл қазақ болып тойлауға баршаңызды шақырамыз. Алда керемет той. Құдай сізге қуат, күш, деніңізге саулық берсін! Қазақтың маңдайына біткен аңыз адамдар ғой – бұл кісілер», – деді Керімбекова.

Желі қолданушылары Нүсіпжановтың сырт келбетіне қатысты жарыса пікір жазды. 

«Ағамыз не болып кеткен?! Құдды бір дүкендегі маникен сияқты. Қария болып, қазақи қартайғаны жақсы еді», «Жеңгеміз жас болғандықтан, қасын бәрін жасатқан ғой», – деп жазады пікір білдірушілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 117
Ұнамайды 56
Күлкілі 22
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары