27.03.2025, 18:00

«Оның сезімі сөндірулі»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен шетел асып кетті

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Әншінің жұбайы балаларымен бірге шетелге демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен фотолар жариялады.

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жұбайы балаларымен бірге шетелге демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен фотолар жариялады. Актрисаның жариялаған фотоларында күйеуі Қайрат Нұртастың жоқ екенін байқауға болады.

«Абонент байланыс аясынан тыс жерде, оның сезімі уақытша сөндірулі», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.