$ 503.42  542.08  6

«Ішім шығып, киімдерім сыймай жүр»: Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына костюмін сыйлады (ВИДЕО)

Жасым 36-ға келгеннен кейін бе, семіре бастадым.

Фото: instagram.com/kair_n
Фото: instagram.com/kair_n

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ақтөбелік тыңдарманына сахналық костюмін сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Ақтөбе өңіріне гастролдік сапармен барды. Сол кезде әнші сахналық киімін мүгедектігі бар балаға сыйлады. 

“Мына жерден қатты ыстықтап кеттім. Бір жағынан жасым 36-ға келгеннен кейін бе, семіре бастадым. Ішім шығып, киімдерім дұрыс киілмей жүр. Осы сыртқы киімімді мына залда отырған бауырыма сыйлағым келіп тұр”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын талқылап жатыр. 

“Қайрат керемет адам”, “Өнерлі жігіттің жолын берсін”, “Мүгедектігі бар адамға киім емес, ақша бер”, “Мына жігіт аяғына тұрып кетсін”, “Қандай ақкөңіл адам”, – деп жазды көпшілік.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары