Оның айтуынша, басына орамал тартып, сәлем салудың еш қиындығы жоқ.
Танымал блогер, вайнер Дана Есеева енесімен бірге Ләйлә Сұлтанқызы бағдарламасында сұқбат беріп, келіндік өмірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, басына орамал тартып, сәлем салудың еш қиындығы жоқ.
«Қалай шыдап жүрсің? Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасын ба?» дегендер көп болды. Мен одан проблеме көріп тұрған жоқпын. Ол проблема емес. Айына бір рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиыны жоқ қой. Батасын аласын қайта. Мен керісінше, шашым аппақ болғаннан кейін, орамалды тастамай тақтым. Келін болып түскен кезім. Блондинка болып жүрдім. Артық сөз болмасын деп, орамалды бірден тағып алдым. Соның өзінде суреттен көргендер: «орыс па, татар ма?» деп сұраған екен», – дейді Дана Есеева.