Біз бүгін балаларымызбен бәріміз жұмысшыларға қызмет жасадық.
Танымал әнші Тамара Асар күйеуінің зауытында, "Астық элеватор"жұмыс орнында Наурыз мерекесін дүркіретіп тойлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қара жұмыстың қазанында қайнаған қарапайым жұмысшыларға арналған Астық элеватор жабдықтар зауыты Наурыз мейрамын өткізді.
Тілі бөлек болса да, тілегі бір, діні бөлек болса да, еңбектегі жүрегі бір жұмысшыларға Қыдыр Ата батасын беріліп,киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп, дастархан жайылып, самаурын қайнатылып,наурыз көже,қуырдақ, шелпек,бауырсақ пісіріліп,тәттілер таратылып, бағалы сыйлықтар беріліп, лоторея ойнатылып, арқан тартыс,гир көтеріп мәре-сәре болды.
“Еңбек ет те мақтан, Ойнап–күл де шаттан”- демекші, бұл еңбектің шаттығы!
Ас атасы нан- бидайын өңдейтін,кептіретін, тазалайтын сақтайтын жабдықтар жасайтын жандардың Наурыз тойы құтты болсын!!!
“Қырманға кеееел қалқатай”-дегендей
“АСТЫҚҚА КЕЛ ҚАЛҚАТАЙ,білегіңді сыбанып!!!”
Астық зауыты еңбекқор жастарды жұмысқа шақырады!!! Келіңіздер!!! ", - деп жазды әнші.