01.04.2025, 00:30

Соғым, сағат, жүзік: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сыйлықтарын көрсетіп мақтанды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Желі жұлдызы жаңа жасын  шаңырағында құрбыларымен бірге қарсы алды.

Танымал блогер, продюсер Мөлдір Мұқанова туған күніне келген сыйлықтарын оқырмандарына көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы жаңа жасын  шаңырағында құрбыларымен бірге қарсы алды.

“Көптің сұрауымен анпакинг басталды. Өзім “әнпакинг” деп әдемі атау қойып алғанмын. Шынымен ғой, сыйлықтарды аша бастағанда ән айтқың кеп, ыңылдап кетеміз. Сыйлық иелерін жеке-дара атап өтпейін деп шештім. Ақшалай келгендер бар дегендей. Соғым, сағат, “Булгари” жүзік берген құрбыларымды ұмытып кетіппін. Ренжімеңдерші, қыздар! Парақша белгілемеймін. Олар өздері біледі. Менің әр оқырманыма жұғысты болсын!”, – деп жазды арт-менеджер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, несібесі мол адам екенін жарыса жазып жатыр.

“Күлсем, басыма келсінші”, “Не деген керемет сыйлықтар”, “Өте көңілді отбасы екен”, “Өзіңізге бұйырсын, несібең мол болсын”, “Бәріне лайықсыз”, “Chanel, Dolce & Gabbana және Prada керемет брендтер ғой”, – деп жазды көпшілік.