$ 504.34  556.34  5.97

«Не істейміз? Кетеміз-ау, Қазақстаннан»: Тәуекел Мүслім шарасыз күйде екенін айтты (ВИДЕО)

Ол желідегі парақшасында Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер комитетіне барғанын жариялады.

Фото: Видеодан кадр: Айдос Ербосынұлы/Youtube
Фото: Видеодан кадр: Айдос Ербосынұлы/Youtube

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер мен өнер иелеріне хабарлама жіберуді жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы хабарлама актер тележүргізуші Тәуекел Мүслімге келді. Ол желідегі парақшасында Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер комитетіне барғанын жариялады.

«Ассалаумағалейкум, не дейін? Жағдай былай, 2022-2023 жылға kaspi-дан 5000 теңгеден жоғары қандай ақша түсті, соның бәріне есеп бер деп жатыр. Кімнен түсті, не үшін түсті. Сөзім жоқ. Бұл тек 2022-2023, алды 2024-2025 тұр ғой. Не істейміз? Кетеміз-ау, Қазақстаннан», — дейді ол Instagram stories-те.

Еске сала кетейік, ақпан айында мемлекеттік кірістер комитеті 594 блогер мен инфлюенсерді кірістерін жасырды деп айыптаған еді. Комитет мәліметінше, олар 2022-2023 жылдар аралығындағы табыстарын дұрыс көрсетпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 4
Күлкілі 4
Ашулы 30

Серіктес жаңалықтары