Еске сала кетсек, актер 2023 жылы желтоқсанда ақтөбелік аруға үйленген болатын.
Аян Өтепберген әке атанды Танымал актер Аян Өтепберген әке атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұндай сүйінші хабарды Аян Өтепберген досы, актер Асылхан Төлепов әлеуметтік желіде жариялады.
Досым әке атанды. Аллаға шүкір. Қуанышың құтты болсын, досым! Бауы берік болсын!, – деп жазды ол.
Актер сүйіншіні Аян Өтепбергенге жіберуді сұрады.
Аян Өтепберген – қазақстандық актер. Ол театр, кино және телехикаяларда ойнайды. Қазақстандық көрермендерге "Жаужүрек мың бала", "Қазақ хандығы", "Батырлар", "Сержан братан" сияқты танымал жобалар арқылы белгілі.
Еске сала кетсек, актер 2023 жылы желтоқсанда ақтөбелік аруға үйленген болатын.