$ 504.34  556.34  5.97

Актер «Шакенти» жүріп жүрген қызын соққыға жыққан (ВИДЕО)

Әлия соққы тиген жүзін көрсетіп, суреттер жариялады.

Фото: @aliya_booteyeva
Фото: @aliya_booteyeva

«Шакенти» лақап атымен танылған актер Шәріп Серік жүріп жүрген қызы Әлия Ботееваны соққыға жықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы актер Шәріп Серіктің экc-қызы Әлия Ботеева Instagram парақшасында жазды. Сонымен қатар, болған оқиғадан видео жүктеп, соққы тиген жүзін көрсетті.

Қыздың жазуынша, мұндай сұмдық жағдай оның тіпті ең қорқынышты түсіне кірмеген. Сүйікті адамының қол көтеруін тіпті елестете алмаған. 

Видеодан актердің жүгіріп шығап қызды жұлқылап, лифтіден шығарып жатқанын көруге болады. 

«Мен физикалық жағынан әлсіз болсам да, мораль тұрғысынан қабылдауға болмайтын нәрсені айтпай, үндемей қоя салатындай әлсіз адам емеспін. Мен өзімді және өз абыройымды қорғауға мәжбүрмін» деп жазды Әлия.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары