Ал оның жолдасы Тілектің айтуынша, Серікгүлге үйленуге асықпаған, оған бажасы көмектескен.
Танымал психолог Серікгүл Сәли «Қазақстан» арнасында келіндер жайлы бағдарламада өзі бір мезетте үш жігітпен жүргенін жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол наурыз айында тұрмысқа шығуды мақсат еткен екен.
«Үш жігітпен бірден жүрдім. Бірі 22 наурыз, екіншісі 30 наурыз күндері үйленейік, алып кетем деді. Наурызда шыққым келген соң 18-і болмай қалса, 30-ына кете берем деп жоспарладым. Сөйтіп, қазіргі күйеуім 18 наурызда алып кетті», — деді Сәли.
Ал оның жолдасы Тілектің айтуынша, Серікгүлге үйленуге асықпаған, оған бажасы көмектескен.
«Мені бажам үйіне қонаққа шақырды. «Екеуімз бажа болады екенбіз, Серікгүлді қашан алып кетесің?» деді. Менің әлі үйленетін ойым жоқ. Енді оқуымды бітірейін, сосын көреміз дедім. Ол сосын оның екі жігіті бар, екеуі де сөз салып қойған деп жоспарын айтып қойды. Сөйтіп, мен оларға кетіп қалмасын деп 18 наурызда алып кеттім», — дейді ол.