Мен үшін қаншалықты маңызды екенін сөзбен айтып жеткізу қиын.
Танымал актер Шәріп Серік 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы оның бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен үшін өте қиын сәтте көрсеткен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Мен үшін қаншалықты маңызды екенін сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұндай ауыр мәлімдеме жасау өте қиын болды. Әкемнің қайтыс болғаны мен үшін эмоционалды тұрғыда ең ауыр кезең еді. Қазіргі уақытта да осы жағдайдан толық шыға алмай отырмын", – деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгін әкімшілік сот өтіп, Шәріп Серік өз кінәсін мойындап, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша 5 тәулікке қамауға алынды.