$ 504.34  556.34  5.97

«Әр әйел бақытты болуға лайықты»: Қарақат Әбілдина Динара Сәтжанға қолдау білдірді

Халықпен жаны үндес , жігіттің жан-дүниесін жайнатып, жайландырып, өзің де бар бақытқа бөлене бер Динара қыз!

Фото: instagram.com/karakat.a
Фото: instagram.com/karakat.a

Қазақтың танымал әншісі Қарақат Әбілдина құрбысы Динара Сәтжанға қолдау білдіріп, ақжарма тілегін арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Динарамыздың жақсы жаңалығына барлығымыз қуанып жатырмыз. Алла ақ некелеріңді хайырлы қылсын! Екі дүниеде де жұптарың жазылмасын! - деп тілейміз. Өзің айтқандай Сәтжан тегіңе бір адамдай еңбек сіңірдің, қызмет еттің, үміттерін ақтадың. Әулетің әуелден разы шығар деп ойлаймын. Енді Жанықұл болып жатсың, бұл әулетіне де адал да құтты келін боларыңа күмән жоқ???? Халықпен жаны үндес , жігіттің жан-дүниесін жайнатып, жайландырып, өзің де бар бақытқа бөлене бер Динара қыз! Жақсы тілек жазайық! Әр әйел бақытты болуға хақысы бар! Әр әйел кіршіксіз махаббатты, нәзік сезімді, әппақ көңілді, мықты камқорлықты, таудай қорғанды сезінуге әбден лайықты! Лайықтымыз! Шын жүрегімнен бақыт тілеймін!», - деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 12
Күлкілі 9
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары