11.04.2025, 16:40

«Вилламызда демалып жатырмыз»: Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды (ВИДЕО)

Фото: stan.kz

Әрқайсысымызда бір-бірден жатын бөлме бар!

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова туған күнінде шетелге демалысқа аттанды. Өнер иесі алғаш рет туған күнінде той жасамайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Биыл туған күнімді алғаш рет той жасамай, жақсылап демалып қайтайын деп шештім. Нұрекеңнің рұқсатымен келіп қалдық. Замандас сіңлі әрі құрбыларым және кіші құдағиыммен Вьетнамдағы вилламызда демалып жатырмыз. Қашанда ыңғайлы демалыс орнын таңдап беріп жүрген Рашида сіңіліме алғысым шексіз. Керемет жер екен. Әрқайсысымызда бір-бірден жатын бөлме бар!”, – деді продюсер. 

Желі қолданушылары арт-директордың үнемі мақтанатынын сөз етіп жатыр. Алайда өнер иесі хейтерлерге жауап берді. 

“Сіз қызғаныштан ұйқысыз қалмаңыз. Демалғысы келетіндер пікірге қарап таңдауына көмек болады. Сен өз әлеміңмен өміріңді сүре бер! Мен өз парақшама не саламын, сенің қалауыңмен емес, өзімнің қалауыммен болады”, – деп жауап жазды Гүлзира Үсенқызы.