"Тұрмысқа шыққаннан кейін ғана сұраған дұғаларымның қабыл болғанын түсіндім".
Белгілі блогер Фариза Төреәлі "My ustaz" атты подкастта өзінің күйеуі жайлы сырымен бөлісті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фариза Төреәлі сұқбатта өзінің жары Дархан Нортаевқа қалай тұрмысқа шыққандығы жайлы айтты.
"Күйеуімді Алладан көп тіледім. Себебі, біздің анамыз әрқашан бізге осы нәрсені үйретіп отыратын. Мектеп кезден анам ағам, сіңілім үшеумізге үнемі бір-бірлерің үшін адал жар сұраңдар деп айтатын. Мен олар үшін тоқтамай әрбір дұғада сұрай беретінмін. Сол жасаған дұғаларымыз қазір шүкір, орындалды деп ойлаймын. Әрбір намазда, әр түні ұйықтар алдында бүге-шүгесіне дейін жазып сұрайтынмын", - деді ол.
Сондай-ақ ол күйеуінің бойынан табылу керек қасиеттерді тізіп жазып, онымен өзін салыстырып отырғанын айтты. Соған сай әрекетін де жасап, өз-өзін жан-жақты дамытқан.
"Тұрмысқа шыққаннан кейін ғана сұраған дұғаларымның қабыл болғанын түсіндім," - дейді.
Блогер оқырман қыздарға да осылай әрекет етуге кеңес берді.