Әннің мәтінінен блогердің талабы тым жоғары екендігін байқауға болады.
Танымал блогер Анара Батырхан өзінің "15 миллион" атты жаңа әнін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әннің мәтінінен блогердің талабы тым жоғары екендігін байқауға болады. Ол қалың малы 15 миллион екендігін, алтын гаухардан жүзік қалайтынын жеткізген.
"Оңай қаратамын деп ойламасын. Махаббатым ақшаға сатылмайды. Біз қыздар барлығына лайықтымыз, адал махабатты қалаймыз. Қазақ қызын әлемді шарласаң да таба алмайсың. Жігітім, үйленгің келсе шамаңа қара, мәһрге бизнес джет сұраймын", - дейді ол ән арқылы.
Желі қолданушылары арасында ән қызу талқыға түсті.
"Тегін кете бересің-ау, жасың келді", "15 миллион квартираның құны ғой", "Мына әннен кейін барлық жігіттер қашып кететін болды ғой", "Керемет ән екен", "Дұрыс қазақ қыздарының құны жоғары болуы тиіс", "Өзіміздің бағалауымызды арттыратын ән екен", - деп жазды оқырмандары.