Екатерина Жолбарыс әнші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтқан еді.
Танымал блогер Екатерина Вайт күйеуі, әнші Сейфуллин Жолбарыспен қайта қосылғандарын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, блогер Екатерина Жолбарыс әнші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтқан еді. Алайда соңғы кезде жұлдызды жұп бірге көрінеді.
“Мәселенің мәні осы болды... Рахмет! Бәрін қабылдап, әріқарай кеттік. Ешкім идеал емес. Әркім басындағы тарақандарымен өзі күреседі”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары жұпқа бақыт тілеп жатса, енді бірі блогер келіншекті ынап жатыр.
“Ресми түрде ажырасып, қайтадан қосылыпты”, “Әйелі қыздарын әкесіз өсірмеймін деген шығар?!”, “Күйеуіне қайтып қосылатыны бар неге сұхбат беріп, бәрін жайып салды”, “Көзіне шөп салған күйеуді кешіру деген ақылға сыймайды”, – деп жазды көпшілік.