15.04.2025, 16:20

«Менен өткен романтик»: Айгүл Мүкейдің күйеуі теңіздің қақ ортасында тосын сый жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Жылауға себеп болса болды. 

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей желідегі парақшасында ерекше видеомен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үлкен гүл шоғы, күтпеген тосын-сыйлар, тіпті мен үшін арнайы жазылған ән. Менің күйеуім маған қарағанда романтик сияқты... Кеше Ыстамбұлдағы яхтада менің де, жанымдағы қыздардың да көңілін жібітті. Бізге жылауға себеп болса болды ғой, - деп жазды тележүргізуші. 

Айта кетейік, Айгүл Мүкей 6-наурызда 50 жасқа толған еді. Өнердегі танымал тұлғалармен жаңа жасын дүркіретіп атап өтті.