16.04.2025, 04:30

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жолда қалған Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

37 жасын тойлап жүрген актриса келеңсіз жағдайға тап болған.

Жұлдыз Әбдікәрімова көмек керек кезде келе қоятын адамы жоқ екенін айтып, налыды, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

37 жасын тойлап жүрген актриса келеңсіз жағдайға тап болған.

«Көлігім оталмай қалды. Әрине аккумулятор отырды. Айналадағы көлігі бар жүргізушілерден прикуритель іздеп кеттім, өкінішке қарай ешкімде жоқ боп шықты. Әдетте өзіммен алып жүретін зат қырсыққанда осы жолы болмады. Осындайда еркелеп телефон шалып, шақыратын жігіттің де жоқтың қасы», — деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін құрбысы Дина шешіп бергенін айтып, орнынан қозғалғанын жеткізді.