17.04.2025, 18:20

Қытайлық «Pinduoduo» маркетплейсі блогер Нагимушаның фотосын рұқсатсыз пайдаланған

Фото: Pinduoduo скриншот

Қазақстандық блогер платформаға шағым түсірген.

Әлеуметтік желіде Ботакөз Досанқызы есімді қыз белгілі блогер Nagimuwaa-ның фотосы Қытайдың Pinduoduo маркетплейсінде тарап кеткені туралы айтып, таңданғанын жасырмады. Қазақстандық блогер платформаға шағым түсіргенін, алайда әлі жауап алмағанын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Threads.net желісін қолданушы Ботакөз Досанқызы блогерді Pinduoduo маркетплейсінен көріп қалып, таңданған. Кейін фотоны желіге жүктеген.

"Нагимушаны" Pinduoduo сайтында көрудің өзі не тұрады?" – деп жазды ол. 

Артынша танымал блогер бұл қыздан ғана емес, тағы мыңдаған адамнан тарап кеткен фотосы жайлы скриндерді алғанын айтты.

"Қытайдың Pinduoduo сайты фотомды ұлттық нақыштағы сырғаларды сату үшін маған хабарламай, рұқсатымсыз пайдаланып жатыр. Сонда да шағым түсірмек болып тырысып бақтым. Бірақ мұны өшіру қиынға соғатын секілді. Содан кейін менің фотоларын барлық жерде жүргендіктен, бұған аса бас қатырмадым. Ал сырғалар ше?" – деп жауап берді Nagimuwaa.

Блогер жарнамалаған қазақстандық компания да платформаға салған дүкен иесіне арызданғанын, алайда нәтижесіз болып жатқанын атап өтті. Қолөнершілер олардың мұндай еңбектерін бұлар ғана емес, басқа да азаматтар рұқсатсыз жариялайтынын айтып, реніштерін жеткізді.

"Нагима, Қытайда модель болып жұмыс істейтініңді мойында", "Оны қалай дәлелдеуге болады? Мүмкін шынымен де қытайлық әйелге қатты ұқсайтын шығар", "Қытайлар нені көшіруді біледі...", "Әй, бұл фотоны мен де осы сайттан көріп қалдым", "Бұл жетістік!" – деп оқырмандар да жарыса жазды.

Интернет платформада блогердің бір емес, төрт суреті салынған екен. Сонымен қатар қытайлық сайтта әнші, композитор Jah Khalib-тің тоқылған баскиім киген фотосы да тараған.

Тегтер: блогер Қытай