$ 521.9  593.5  6.39

«Өмір бойы армандадым»: Танымал трансгендер Нико Нет пластикалық ота жасатты

Оның сөзінше, оның түр-әлпеті отадан кейін айтарлықтай өзгерген.

Фото: жеке парақшасынан алынды
Фото: жеке парақшасынан алынды

Танымал трансгендер Нико Нет бет-әлпетін өзгертіп, пластикалық ота жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, оның түр-әлпеті отадан кейін айтарлықтай өзгерген. Оқырмандары бұрын оған ота жасалмаса да жасағанын айтқан. Алайда ол кезде макияж бен жеңіл фильтрлерден басқа бетінде ешқандай өзгеріс болмағанын айтады.

"Иә, мен ресми түрде пластикалық ота жасағанымды жариялаймын. Қазір ісіктер ақырындап қайтып жатыр. Бірақ мен қалаған нәтижені алу үшін біршама уақыт керек. Яғни, кем дегенде жарты жыл. Мен адамдар әрқашан сөйлейтінін білемін. Бірақ мен аңғал қыз емеспін. Не қалайтынымды білемін. Мен бұны өмір бойы армандадым. Көз алдымда орындалып жатыр. Мен жай ғана бет-әлпетімнің жан-дүниемді кқрсеткенін қалаймын. Ал оның қалай болып шығатынын уақыт көрсетеді", деді ол. 

Ал желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырды.

"Тезірек сауығып кет", "Құттықтаймыз", "Неге қыз болып туыла салмады екен", "Енді қызға ұқсап қалыпты", деп жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары