$ 521.9  593.5  6.39

«Салт-дәстүрді діннен айырмандар» : Әнші Айгүл Елшібаева діни ұйымдарды сынға алды

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева дін туралы сөз қозғады.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Бұл туралы ол Facebok желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Тәңіршілік деп, кітабы, пайғамбары жоқ, әркім өз ойы мен өмір бойы жинақтаған пікірлерін білдіріп, елді құдайдың жіберген ислам дінінен бездірту керек емес. Қазақ салт-дәстүрін сақтап, өліге- соңғы дін исламның құранын бағыштап , тәңіршілдік сектадағыдай, Өмін деп уілдеп оттап шығарып салмаған. Қазақта өмін деген сөз жоқ", деді ол.

Сондай-ақ әншінің сөзінше, Дін әркімнің пікірін мен өз ойларын , өзінің нәпсісінің жетегінде өмір сүруіне қолайлы оттау емес. Ғайыптан түскен Құран мен әр ұлттың өмір бойы жинақталған, шариғат нормалары салт- дәстүрінен тұрады. Вахабистердің ширк деген салт-дәстүрге қарсы әрекетінен Исламнан безудің қажеті жоқ.

"Қазақ Мәдинада -Мұқамбет,

Түркістанда-Қожа Ахмет,

Маңғыстауда -пір Бекет-, деп діннің қазақ даласына исламның таралуына себепкер ұстаздардың жолын жалғаған тізбекті, әр ұрпағының санасына сіңдірген. Құдайдан безген діни сауаты жоқ, салт-дәстүрді діннен бөлек айырып алып, шілдік деп секталар оттамаңдар. Қазақтағы Тәңір сөзіне секталарыңдағы Шілдік сөзін қосып шілтен, шіл деген сөзді қорлап, Тәңірге қосып секта жасауды доғарыңдар. Исламда Шіл деп, 40-күн бойы рухани тазару, оңаша қалып, құдайдан Құранмен сұрап, нәпсісімен күрескен әулиелердің ісі. Шілтен-Сол исламды ұстанған Әулие , Ғайып ерен Қырық шілтен-Қызыр ғалейссаламның аты. Шілдехана- сәбиді 40 күн тазарған бойы той жасау. Өлгеннің қырқын беру- 40-күн Квант физикасында шыбын жан кеткесін, рухы жанның шығуындай құбылыс. Тәңір деген-Құдай, Алла, Аллатағала жаратушы күш. Тәңіршілік деген Сектантанттар діни сауаттарың болмаса дін мұсылман баласының арасына түсіп, қазақты қырық пышақ қылып аздырмай, Қара қытайсың деп алжымай, батыс қазақстанда дінді ұстанған қазақта, бір қара қытай жоқ, жоғалып кетіңдер. Қазақ исламды, салт дәстүрімен бірге ұстаған, әулиеге құрметі бар, әруақты сыйлаған халық. Салт-дәстүрді, діннен айырмаңдар. Қазақта салт-дәстүр- Ислам діндегі табиғат ерекшеліктерін қарай, өмір сүруіне қолайлы шариғат нормаларына жатады", — деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары