Менің әпкеме шетелдіктер тұрмыс құруға ұсыныс жасаған.
Қазақстандық рэп орындаушы Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат болған әпкесін мақтаймын деп сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.
«Менің әпкеме шетелдіктер тұрмыс құруға ұсыныс жасаған. Ол шетелдікке күйеуге тимеді. Бірақ отбасы бар қазақ жігіттен екіқабат болып, қазақ қыз туды. Ол қыз қазақ болып қалады. Көрдіңіз ғой, қандай намыс, біздің қазақтың қанын былғағысы келмеді. Әйтпесе шетелдікке шығып, мүмкін бақытты болып кетер ме еді. Шетелдіктерге намысы жоқ қыздар тиіп жатыр деп ойлаймын», - дейді рэпер.
Жан Ахмадиев журналистің «Ол енді үйленген адамнан туып жатқан жоқ па?» деген сұрағына:
«Бастысы қазақ қой. Өйткені шетелге тиген қыздың баласы ешқашан қазақ болмайды», - деп жауап берді.
Желі қолданушылары оның бұл пікірін сынға алды. Олар: «Отбасылы еркектен бала тапқаны үшін мақтану қашан "ел намысы" деген ұғымның категориясына кіріп кеткен, соны айтыңдаршы?», «Әпкесін ыңғайсыз жағдайға қалдырды», «Оның сөзі бар қазаққа үлгі не мысал емес қой» деп жазып жатыр.