22.04.2025, 04:30

«Үлкейген сайын етегі қысқарып жатыр»: Мадина Сәдуақасованың ашық образы көптің ашуына тиді

Фото: жеке парақшасынан алынды

Әнші Мадина Сәдуақасова ашық образы үшін сынға қалды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше образдағы фотосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Қанша жасқа келсең де сұлу бол”, — деп жазды ол.

Алайда, үнемі сұлулыққа ұмтылатын әншінің ашық образы көпшіліктің ашуына тиген сыңайлы. Желі қолданушылары әншіге түрлі пікір жазуда.

”Үлкен әйел, баласы, күйеуі мен баласы бар, ұят екен”, “Көңілі жас деген осы”, “Үлкейген сайын етегі қысқарып жатыр”, “Кішкене салмақ тастасаңызшы. Мына көйлек дым жарасып тұрған жоқ”, “Кеудеңді көрсетіп болдың, енді бұтыңды көрсет. Көрсетпеген не қалды”, “Санын ашып, балқып тұр”, — деп жазды олар.