“Мен анаммен жасым 40-тан асқанда, өзім балалы болғанда араласа бастадым.
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы анасымен әзілдесіп, жұртты күлдірді.Медиа маман анасының образын көпшілікке көрсетіп, тек қымбат киімдер кигізгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Әлемнің жарығын сыйлаған Дишинка апам қасымда аман-есен жүре беріңіз! Біз сізді қуантудан шаршамайық. Күлем-ау, мен “Қыдырайық, Астанада қалыңыз” деп жатсам, үйдегі келіннің туған күні деп қайтқысы келіп тұр. Келін менен жақын болды ма деп ұрыс шығарсам, қалай?! Мамам екеуміздің киім өлшемдеріміз бірдей екен. Енді менің үстімнен анамның, ал анамның үстінен менің киімдерімді көрсеңіз, таңғалмаңыз”, – деп жазды журналист.
Одан кейін медиа маманы анасымен жақын араласуы жолдасының қазасынан кейін басталғанын жасырмады.
“Мен анаммен жасым 40-тан асқанда, өзім балалы болғанда араласа бастадым. Анаммен өткізген әрбір сәт мен үшін құнды. Оның өзіне қарағанын қалаймын. Құрбыларымен бірге уақыт өткізіп, немере, балаларымен қыдырғанын қалаймын. Мен ешқашан оқып бітіре алмайтын кітап қой, шіркін. Әр сөзі, ақылында, тұнып тұрған даналық жатыр. Дәл осы сәтте, осы шақта маған анамның амандығынан басқа ештеңе керек жоқ. 100 жасыңызды тойлайтын күнге жетейік!”, – деген еді БАҚ өкілі.