24.04.2025, 18:00

«Су жаңа ата мен ене»: Әзілкеш Нұржан Төлендиев ұлын үйлендіріп, келін түсірді (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

"Ене мен келін бір-бірінен аумай қалған".

«Енесінен аумай қалған»: Нұржан Төлендиев ұлын үйлендіріп, келін түсірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеолардан Төлендиевтің құда атанғанын көруге болады. Жас келінді танымал әнші Жазира Байырбекова алып шыққан.

"Нұржан Төлендиевтің үйіне келін түсті. Келін құтты болсын, Нұрекем, "Су жаңа ата мен ене",— деп жазды Байырбекова.

TikTok қолданушылары әзілкештің үйіндегі қуаныш туралы түрлі пікір жазды.

"Бізге де жұғысты болсын", "Тукаға келін болған қандай бақытты қыз", "Ене мен келін бір-біріне қатты ұқсайды екен", "Келіннің тәрбие көргені көрініп тұр", "Ұлы сымбатты, келіні онша емес екен", — деп жазды олар.