$ 517.16  588.48  6.23

«Алты айға декретке шықтым»: Ninety one тобының мүшесі Zaq күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша әлеуметтік желі оны біршама күйзеліске түсірген.

Фото: жеке парақшасынан алынды
Фото: жеке парақшасынан алынды

Zaq лақапатымен белгілі Дулат Мұхаметқали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша әлеуметтік желі оны біршама күйзеліске түсірген. Демалыс алып, сол уақытты отбасына арнамақ.

"Мен 6 айға декретке шығып, отбасыммен бірге болуды таңдадым. Үйде отырған кезде әлеуметтік желілер мен жаңалықтарды жиі қарай бастадым-солайша әлемнен қалып қоймаймын деп ойладым. Бірақ желіде тек негатив, жанжалдар мен мақтаншақтық көбейіп кеткенін байқадым. Бұл мені уайымға салып, түрлі қорқыныштар туғыза бастады. Күндіз қызыммен бірге ойнап, күліп жүрсем де, түнде әйелім мен қызым ұйықтап жатқанда, мен лентаны шексіз атқара беретінмін - сол сәтте әшкі күйзеліс жинала берді. Бұрын мен бұны демалыс деп ойлайтынмын, ал шын мәнінде, өзімді одан сайын шаршататынмын. Қазір түсіндім: демалыс таза, жанға жайлы болуы керек. Және мүмкіндігінше-телефонсыз."

Ол сондай-ақ оқырмандарына видео-үндеу жүктеді. Видеода бақыт жайлы өзінің ойы мен қазіргі өзекті мәлелерді жайып салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ninety Onе #ZAQ