Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты.
Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің ұлы мен келіні той алдында кішігірім сұхбат берді, — деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ішімде толқыныс сезімі бар. Жаңа отбасыға бара жатырмын. Бірақ жанымда ер азаматым болғаннан кейін қорықпаймын», — деді әзілкештің келіні Нұргүл.
Ал ұлы Рауан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтып, келіншегіне қолдау көрсетті.
«Барлығы керемет болып жатыр», — деді Рауан.
Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты.
Айта кетейік, қызын ұзатқан Нұржан Төлендиев тұңғышын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады.