25.04.2025, 16:40

«Ештеңеден қорықпаймын»: Нұржан Төлендиевтің жаңа түскен келіні сұхбат берді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты.

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің ұлы мен келіні той алдында кішігірім сұхбат берді, — деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ішімде толқыныс сезімі бар. Жаңа отбасыға бара жатырмын. Бірақ жанымда ер азаматым болғаннан кейін қорықпаймын», — деді әзілкештің келіні Нұргүл.

Ал ұлы Рауан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтып, келіншегіне қолдау көрсетті.

«Барлығы керемет болып жатыр», — деді Рауан.

Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты.

Айта кетейік, қызын ұзатқан Нұржан Төлендиев тұңғышын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады.