28.04.2025, 04:30

«Не үшін өзім жұмсамаған ақшаға салық төлеуім керек?»: Алтынай Жорабаеваның келіні ренішін білдірді

Фото: желіден алынды

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әнші Талғат Жорабаевтың келіншегі Аяулым Жорабаева қайырымдылықпен айналысқанымен салық мамандарынан өзіне хат келгенін айтты, деп хабарлайды

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Көңіл күйім жаман түсіп кетті. Налоговый маған хат жіберген, не істеймін өзі? Қайырымдылық деп жүгіргенім болмаса… 46 сбор ашылды. Барлық 46 отбасыға артығымен табысталды. Мен не үшін өзім жұмсамаған ақшаға налог төлеуім керек? Бәрі жақсы болады Иншалла! Мен эмоциям бірден шығатын адаммын. Халықпен бірге жасалған жақсылық болған соң жазып отырмын. Егер жеке мәселем болса, оны сіздерге айтпас едім. Бұл халық алдында жасалған жақсылық», — деп жазды Аялуым Жорабаева.