01.05.2025, 06:30

«Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт»: Димаштың күйеубаласы да өнер адамы болып шықты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Раушан Құдайберген әлеуметтік желіде жігітін таныстырды.

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген тұрмыс құрмақ. Қалыңдық әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күйеужігіт елордадағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актеры Ермахан Аймахан екені белгілі болды. Су жаңа күйеубала спорттан да алыс емес екені байқалады. Ол екі дүркін "театр барысы" атағын жеңіп алған.

Аталған өнер ордасының басшысы Асхат Маемиров екі жасты құттықтап бақыт тілеген. Сондай-ақ, көптеген өнер адамдары қос ғашыққа ақ жол тілеп, тілектерін жаудырған.