$ 512.34  582.07  6.31

«Рақмет Әке - Ана»: Мөлдір Әуелбекова той үстінде әкесімен би билеп, жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Қабыл алыңыздар! 

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде әкесімен билеген биінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші тойда әкесімен құшақ биін билеген сәтін жариялап, ата-анасына алғысын жеткізді.

«Рақмет Әке - Ана! Барлығымыздың атымыздан, бізді шартсыз жақсы көретін Әкелер мен Аналарға ән арнадым! Қабыл алыңыздар! Біз Сіздерді қатты жақсы көреміз», - деді әнші Мөлдір Әуелбекова.

Желі қолданушылары әншіге ақ жарма тілектерін жазып жатты.

«Керемет жансыз, ата-анаңыз аман болсын», «Өте еңбекқор, шынайы екенсіз ғой», «Ата-анамыз жүз жасасын», - деген секілді жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары