$ 512.34  582.07  6.31

«Тоқтатыңыздаршы, өтінемін»: Баян Алагөзова халыққа үндеу жасады

Бұл туралы танымал продюсер желідегі парақшасында мәлімдеп, оқырмандарына ескерту жасады. 

 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қорына ақша жіберген әйел алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы танымал продюсер желідегі парақшасында мәлімдеп, оқырмандарына ескерту жасады. 

"Кеше туысым хабарласып, танысының Баян Алагөзованың қоры деп, әлдекімдерге 400 мың теңге жібергенін айтты. Оның айтуынша, мен сиқырлы дамуға уәде беріппін-мыс. Сіздерді сақ болуға шақырамын. Менің бұл қорға ешқандай қатысым жоқ. Арандатушыларға ермеңіздер. Алаяқтар неше түрлі өтірік айтуы мүмкін", – дейді Баян Алагөзова.

Ол басқа біреудің даусы арқылы жасалған осыған ұқсас видеоларды көргенін атап өтті. 

"Сонымен, енді әлгі әйел менен ақшасын қайтаруды сұрап отыр. Қандай ақша? Баян ештеңені білмейді. Адамдардың аңғалдығына әлі де таңғаламын. Неліктен дәлелсіз, заңды құжаттарсыз осындай айлаларға сеніп қаласыздар? XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз ғой, ал сіздер әлі интернеттегі "байытамыз" деген бейнероликтерге сенесіздер. Тоқтатыңыздаршы, өтінем", – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары