Әнші екі жыл бұрын “Құрмет” орденін алған еді. Сол марапатты анасына сыйлады.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасына ерекше сый тарту етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші екі жыл бұрын “Құрмет” орденін алған еді. Сол марапатты анасына сыйлады.
“Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыздың қолы қойылған “Құрмет” орденін сіздің кеудеңізге тағып кеткім келеді. Осы қара шаңырақта сақталсын. Мені туғаныңыз үшін рақмет. 12 баланы дүниеге әкелген құрметті анасыз. Біз сізбен мақтанамыз”, – деді әнші.
Өнер иесінің анасы Үміт те жүрекжарды тілегін білдірді.
“Мақпалды тапқаныма қуанамын. Орден тақты. Моншақ тақты. Бәріне шүкір”, – деді анасы.