$ 518.53  588.17  6.39

«Сенің өтірік күлгеніңнен жүйкем жұқарды»: Жахан Отарғалиевтің әйелі ренішін білдірді

Күлкің келмесе күлмей-ақ қойсайшы.

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Танымал актер жұбайынан өзіне қандай реніші барын сұраған. Сол сәтте әйелі күйеуінің реніш тудырған сәттерін жіпке тізе жөнелген, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бірінші кездескен түскі асқа бардық. Сол күні күшті десерт жегіземін дедің. Соны жесең тілі ауызыңнаң кетпейді дегенсің. Бірақ алып берген жоқсың. Соны әлі күнге дейін күтіп жүрмін. Ал тағы бірде «Сені Көлсайға апарамын» дегенсің. Дәл сол кезде демалысқа барғым келіп жүрген. Мен келісе кеттім. Бірақ оны да ұмытып кеттің», — деді актердің жұбайы көлікте келе жатып.

Ал оның әр сөзіне күлкімен жауап берген Жахан желі қолданушыларының сынына қалды.

«Жахан, өтірік күлмеші. Күлкің келмесе күлмей-ақ қойсайшы», «Сенің өтірік күлгеніңнен жүйкем жұқарып кетті», «Ыржақ-ыржақ не енді осы? Бей берекет!», «Менің де ренішім бар, кімге айтсам екен», — деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары