$ 516.16  584.86  6.25

«Үсік, тұман, жаңбыр»: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Фото: 24 канал
Фото: 24 канал

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың орталығында сақталады.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 04, күндіз 05-06 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 04-06 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары