06.05.2025, 18:00

Әнші Өмірқұл Айнизияовтың әкесі дүниеден өтті

Фото: Youtube

Бұл туралы тележүргізуші Анна Данченко да әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Арал ауданы әкімдігі, аудандық мәслихаты, Қоғамдық кеңесі және аудандық ардагерлер кеңесі, Арал өңірінің тумасы, әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі Айнияз Өтеген Әлиұлының дүниеден озуына байланыстыотбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген Арал ауданының әкімдігінің хабарламасында.