08.05.2025, 12:40

«Рақмет, Алматы»: Ресейлік әнші қазақстандықтарға алғыс айтты (ВИДЕО)

Фото: Культура сегодня

Рақмет, дякую, спасибо. 

Вера Брежнева Астана мен Алматыдағы концерттерінен кейін қазақстандық тыңдармандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі украин әншісі Вера Брежнева Алматы мен Астанада өткен концерттері кезінде жылы қабылдағаны үшін қазақстандық тыңдармандарына жазба жариялады. Әнші Instagram парақшасында концерттерден видео үзінділерін бөлісті. 

"Рақмет, дякую, спасибо. Алматы, Ташкент, Астана", – деп жазды әнші.

Еске салайық, танымал журналист Динара Сәтжан өнер иесіне шапан жауып, сынға қалған еді. 

“Мен Akon-ға шапан сыйлағанда, көпшілік "неге?" деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын. Сіздерде бәрі жақсы ма?! Сіз қазақ емессіз бе?! Ат мінгізіп, шапан жабу – біздің салтымыз. Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ, мен – қазақпын. Қаным – қазақ! Иісім – қазақ! Сізге ұнаса да, ұнамаса да, мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін бұғаттап тастаймын”, – деп ашуланған еді тележүргізуші.