$ 514.5  582.67  6.35

«Атағым жойылып кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери салаға қатысты шындығын айтты

Екі жылдан кейін кіші сержант атағын алдым.

Фото: Youtube
Фото: Youtube

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова әскер шенінің барын айтты. Өнер иесі кіші сержант екенін жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Мен де әскери сала қызметкерімін. Запастағы прапорщикпін. Алдымен қатардағы Сәдуақасова болдым. Екі жылдан кейін кіші сержант атағын алдым. Әрең дегенде прапорщик болғанда ол атағым жойылды. Содан кейін қайтадан запастағы кіші сержант болуға тура келді”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Астана алаңдарында әскери шерудің тікелей трансляциясын мыңнан астам адам тамашалады. Астаналықтар таң атысымен әкімдік алдын ала хабарланған орындарға жиналды. Іс-шара сағат 11:00-ге жоспарланған. Әскери шеруді көруге келген көпшіліктің қарасы қалың болды. Парадты тамашалуға келген жандардың арасында Милан Сауғабаев та болды. Байқасаңыз, ақсақалдың есімі де ерекше. Атының қойылу тарихы терең де жатыр екен. Айтуынша, әкесі екінші дүниежүзлік соғыс кезінде Италияның Милан қаласында тұтқынға түсіп, абырой болғанда босап шыққан. Сонда өткізген қиын-қыстау кезеңдердің құрметіне ұлының есімін Милан қойған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары